Ссылки доступа

Түркіменстанда банкоматтарда ақша жоқ, бірақ адамдар кезекте тұр


Банкоматтағы кезек. Мары қаласы, қазан айы, 2019 жыл
Банкоматтағы кезек. Мары қаласы, қазан айы, 2019 жыл

Түркіменстанда банкоматтарда қайтадан ақша жоқ. Елдің Мары және Лебап облыстарындағы тұрғындар мемлекет тарабынан пластик карталарға аударылған ақшаларын ала алмай жатыр. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады.

"Мары облысында зейнеткерлер мен мүгедек жандарға төленетін әлеуметтік көмек картаға аударылады. Бірақ банкоматтарда ақша жоқ. Зейнеткерлер ақшаларын алу үшін, қаладағы барлық банкоматтарды аралап, кезек күтуге мәжбүр боп жатыр", - дейді тілші.

Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, бұдан бөлек елдің Лебап және Дашөгүз облыстарындағы банкоматтарда да ақша жоқ.

Банктердің аймақтардағы өкілдіктері қолма-қол ақшаның тап болуының себебі, мақта теру науқанымен байланыстырып, диқандарға айлық төленіп жатқанымен түсіндіреді.

Тамызда ел билігі банкоматтарда ақша тапшы екенін растаған. Мемлекет басшысы сол кезде бұл көрініс ел экономикасына қатысты емес екенін айтып, тек техникалық мәселе деген.

XS
SM
MD
LG