Ссылки доступа

Қырғыз шекарашылары тарабынан қамалған тәжік азаматтары босатылды


Қырғыз шекарашылары тарабынан қамалған Тәжікстанның Ворух ауылының тұрғындары Боисжон Бобохасанов пен Дилшод Каримов айыппұл төлеген соң бостандыққа шықты. Олар үш аптадан бері Баткендегі уақытша тергеу абақтысына қамалған.

Азаттықтың тәжік қызметі хабарлағандай, бұл іс бойынша Баткен қалалық сотының отырысы 5 қарашада өтіп, Бобохасанов пен Каримовқа шекарадан заңсыз өткені үшін әрқайсысына 37 мың сомони (3 700 доллардан астам) көлемінде айыппұл салынған.

Ворух ауылының тұрғындарын қырғыз шекарашылары 14 қазанда ұстап, Баткенге жеткізген. Олардың жанында аңға шығатын қару болған.

1 қарашада Тәжікстан аумағында қамалған қырғызстандық Асылбек Каримов еліне қайтарылды. 31 қазанда Қырғызстан мен Тәжікстанның тиісті органдары өкілдерінің кездесуінде қырғыз азаматын еліне қайтарып беру мәселесі сөз болған. Нәтижесінде Каримов Тәжікстанның шекара заңын бұзғаны үшін айыппұл төлегеннен кейін, қырғыз тарапқа өткеріп берілген.

XS
SM
MD
LG