Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі азаматтардың төлқұжат мәліметтерін сату туралы бастаманы түсіндірді


Қырғызстан мемлекеттік тіркеу қызметі Әділет министрлігінің азаматтардың жеке басына қатысты мәліметтерін банктерге, қаржы-несие ұйымдарына, нотариалдық кеңселер мен мобильді байланыс операторларына сату туралы бастамасын түсіндірді.

2017 жылы төлқұжаттар ID-карт негізінде дайындала бастаған соң, азаматтар туралы мәліметтер электрондық чипте сақталып тұр.

Мекемелерге жекелеген азаматтардың төлқұжат мәліметтерін алу үшін ол азаматтың келісімі керек. Мұндай мәліметті олар алып та жүр.

"Қазіргі таңда мемлекет мәлімет бергені үшін ақы алады. Дегенмен "электронды нотариат" ақпараттық жүйесі енгізілуіне байланысты, 2012 жылы қабылданған қаулыға өзгерту енгізілуі керек" деп түсіндірді тіркеу қызметі.

Бұған дейін Әділет министрлігі қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарған. Құжатқа сәйкес, азаматтардың төлқұжат мәліметтері банктерге, қаржы ұйымдарына, нотариалдық кеңселер мен мобильді байланыс операторларына сатылады. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл ұсынысты сынады.

XS
SM
MD
LG