Ссылки доступа

Өзбекстан тіркелу тәртібін бұзған шетелдіктерге айыппұлды 10 есеге азайтты


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік жауапкершілік жөніндегі кодекске енгізілген өзгертулерге қол қойды.

Оған сәйкес, Өзбекстанда жүру тәртібін бұзған шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін айыппұлдың көлемі 10 есеге төмендеді. Осыған дейін Өзбекстанда жүру тәртібін бұзғандар 67 доллар айыппұл төлесе, екінші қайтара бұзғандар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болған.

Өзбекстанда туристер үш күн ішінде жергілікті милиция бөліміне тіркеуге тұруы тиіс.

Былтыр жаз айынан бері Өзбекстанға отыз күнге дейін келгендер үшін ереже біраз жеңілдетілген. Олар электрондық Emehmon каналы арқылы тіркеуге тұра алады.

Бірақ бұл елге ұзақ мерзімге келгендер үшін бұрынғыдай көптеген құжаттар талап етіледі.

XS
SM
MD
LG