Ссылки доступа

Қырғызстанда азаматтық белсенділер адам жүзін танитын камераға мораторий жариялауды талап етті


Қырғызстанның "Азаматтық бақылау комитеті" қозғалысы адам жүзін анықтай алатын камераларды орнатуға қарсы шықты.

Құрамында белгілі құқық қорғаушылар және азаматтық белсенділер кірген қозғалыс таратқан мәлімдемеде, видеобақылау жүйесін адамның құқығына және жеке өміріне "қауіпті араласу" деп атады.

Құқық қорғаушы Динара Ошурахунова Азаттықтың қырғыз қызметіне берген сұқбатында, адам жүзін жазбай танитын жүйеге мораторий жариялау керектігін айтты.

"Қазір соттар коррупцияға белшесінен батқан, милицияның бұрынғы қызметкерлері адам өлтіруге барып, қылмыскерлермен байланыста екені айтылып жатыр. Олар алты миллион қырғыз халқының әрбірі туралы мәліметке ие болса, ертең мұны қандай мақсатта қолданарын кім біледі?", - дейді құқық қорғаушы.

Бішкекте 31 қазанда "Командалық орталық" істей бастады. Оның аясында адам жүзін танитын 60 видеокамера орнатылғаны айтылды. Орталықтың мақсаты - қылмыс болған жерге жедел шығу, қоғамдық қауіпсіздікті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

XS
SM
MD
LG