Ссылки доступа

Минск тәжік оппозиционерін Душанбеге беруден бас тартты


Беларусь билігі оппозициялық белсенді және журналист Фарход Одинаевты Тәжікстанға экстрадициялаудан бас тартты. Оған өз елінде тыйым салынған ұйымды және экстремизмді қолдады деген айыппен іздеу жарияланған.

Беларусиялық Human Constanta құқық қорғау ұйымының өкілі Наста Лойка Одинаев Ресейге жөнелтілуі мүмкін дейді.

Беларусь миграция қызметі журналисті Тәжікстанның сұрауымен 25 қыркүйекте Польшаға адам құқықтары бойынша конференцияға қатысу үшін бара жатқанда ұстаған.

42 жастағы Одинаев Ресейдің және Тәжікстанның азаматы. Ол Тәжікстандағы исламның қайта жаңғыруы партиясының мүшесі болған. 2013 жылы бірнеше ай Мәскеуде орналасқан оппозициялық Safo TV телеканалын басқарған.

7 қазанда 11 халықаралық құқық қорғау ұйымы Фархад Одинаевты Тәжікстанға бермеуін сұрап, Беларусь билігіне ашық хат жариялаған.

XS
SM
MD
LG