Жұма күні Франкфурт-на-Майне әуежайынан алыс емес жердегі Lufthansa әуе компаниясының бас кеңсесінде ұшқыштар наразылық шарасын өткізген. Экипаж мүшелері айлықты көтеріп, еңбек шартын жақсартуды талап еткен.
Lufthansa жетекшілігі қызметкерлерінің наразылығы заңдық жолмен тыйым салуға әрекет жасаған. Бірақ сот әуе компанияның арызын қабылдамаған. Lufthansa енді жоғарғы инстанцияға шағымданбақ.
Қазан айында Lufthansa компаниясының еншілес төрт әуекомпания қызметкерлері ереуілге шыққан. Онда Берлин, Мюнхен, Франкфурт және Дюссельдорф әуежайындағы барлық рейстер уақытша тоқтап қалған.