Ашғабаттағы ауруханалардың бірінде кардиолог болып істеген Қасымберді Гараев Түркіменстандағы ЛГБТ қауымы өкілдері арасынан алғашқы болып БАҚ-қа сұхбат бергеннен кейін көп ұзамай полицияға шақыртылып, кейін хабар-ошарсыз кеткен еді. Оның туыстарының да жоғалып кеткені хабарланған.
6 қарашада Қасымберді Гараев осы уақытқа дейін өзі туралы айтылған дерекке сенбеу қажеттігін айтқан. Гараев 21 қазанда Азаттықтың Түркімен қызметіне гейлердің қиын жағдайы туралы баяндап берген еді.
Ол жақындарынан кешірім сұрап жазған видеосын Азатлық радиосына байқамай жібергенін, видеоны басқа мақсатта жазғанын айтты.
Гараев дәрігер болып істеген Ашғабаттағы беделді ауруханалардың бірі Азаттықтың Түркімен қызметіне Гараевтың "қызметтен кеткенін" хабарлаған.
Түркіменстан әлем бойынша азаматтарды гомосексуализм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын 60 елдің қатарында қалып отыр. Постсоветтік елдер арасында қылмыстық кодексте мұндай бап Түркіменстаннан басқа көрші Өзбекстанда ғана бар.