Ссылки доступа

Самарқанда өзбек және түрік жұмысшылары төбелесіп қалды (видео)


6 қарашада Самарқанд қаласында Agromir Buildings компаниясы салып жатқан Карасу құрылыс кешенінде жаппай төбелес болды.

Төбелес кезінде түсірілген видеодадан жүздеген адамның азғантай топқа жабылғанын көруге болады. Олар құрылысы жүріп жатқан көп қабатты үйдің ішіне қашқан. Оқиға куәгерінің бірінің айтуынша, жергілікті жұмысшылар түрік жұмысшыларын ұрған.

"Мен жұмысқа кеш келдім. Нысанды ІІМ мен Ұлттық ұлан қызметкерлері қоршап алыпты. Онда ешкімді кіргізбеді, сол себепті бүгін жұмыс тоқтап тұрды. Кейін нысанда жаппай төбелес болғанын, жергілікті жұмысшылар түріктерді ұрғанын естідім. Адам шығыны жоқ, бірақ қатты зардап шеккендер болуы мүмкін" деді құрылыс компаниясының бір қызметкері.

Бұл нысанда 1,5 мыңнан астам жұмыс істейді. Төбелесті жоғарғы қататтан видеоға түсіріп тұрған адам тәжік тілінде "түріктердің шаруасы бітті" деген.

Жергілікті жұмысшылардың айтуынша, өзбек азаматтары шетел жұмысшыларының айлығы жоғары екеніне наразы болған.

"Agromir Buildings компаниясы түрік жұмысшысына 1000 доллар төлесе, жергілікті құрылысшы 100 доллар алады. Жаппай төбелестің бір себебі осы" деді жергілікті жұмысшы.

XS
SM
MD
LG