"Фарход Одинаев адвокатпен телефон арқылы сөйлесіп, туыстарымен бірге абақты аумағынан шығып кетті. Ол енді қалаған жеріне бара алады", – деп хабарлады Human Constanta ұйымының қызметкері Наста Лойка.
Тәжікстан билігі 42 жастағы Одинаевқа іздеу жариялаған. Оппозициялық белсенді Тәжіктсанда тыйым салынған Ислам өркендеу партиясының мүшесі болған.
2013 жылы Одинаев Мәскеуде тәжік оппозициясының "Сафо ТВ" телеарнасын басқарды. Сол жылы Ресей билігі телеарнаны жауып тастады.
Шетелдегі тәжік оппозициясы өкілдерінің мәліметі бойынша, Одинаев жақында Варшаваға барып, ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары жөніндегі конференциясына қатысуы керек болған. Оны Литва-Беларусь шекарасында ұстаған.