Ссылки доступа

Кремль Кадыровтың интернет қолданушыларды жазалауға шақыратын мәлімдемесін тексеруден бас тартты


Рамзан Кадыров Владимир Путинмен
Рамзан Кадыров Владимир Путинмен

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың интернет қолданушыларды жазалауға шақыру туралы мәлімдемесін тексермейтінін айтты.

5 қарашада Кадыров аймақтың үкімет жиынында "адамдар арасына от жағып, өсек-аяң, ұрыс-керіспен айналысқандарды құрту, қамау, қорқыту арқылы тоқтатпасақ, ештеңе шықпайды" деген.

Қадыров ар-намысқа тигендерді "дүние өртеніп кетсе де", тіпті "барлық мемлекеттің заңдары тапталса да" қуғындауға дайын екенін жеткізген. Ол сол үшін кез келген жазаға риза болатынын айтқан.

"Жарайды, түрмеге қамасын. Өлтірсін. Ал өлдің дейік. Менің жасым 45-те, мына дүниеде басқа не істеуім керек" деді Қадыров.

Песков Кадыровтың сөздеріне құқық қорғау органдары баға беруі керек деп, бірақ оның сөздерінің шешен тілінен аудармасының дәлме-дәл екеніне күмән келтіретінін жеткізді.

"Мен ол жиындағы стенограмманың түп нұсқасын оқыған жоқпын. Оның айтқандарын бірінші болып жариялаған Би-Би-Сидің аудармасының тура екеніне күмәнім бар. Мен оны алғашқы түпнұсқа деп есептей алмаймын. Қадыровтың мұндай айтқандары туралы бізді мәлімет жоқ", - деді Песков.

"Настоящее Время" телеканалының шешен тілін жақсы білетін журналистері Шешенстан басшысының сөздері тура аударылған дейді.

Кадыров призывает "убивать, сажать, пугать" тех, кто "оскорбляет честь" в интернете
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:08 0:00

XS
SM
MD
LG