Ссылки доступа

"Азат Еуропа / Азаттық" президенті Тәжікстан президентімен кездесіп, тілшілерге аккредитация беру мәселесін көтерді


"Азат Еуропа /Азаттық" радиосының (RFE/RL) президенті Джейми Флай Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен Швейцарияның Цюрих қаласында кездесіп, Азаттықтың тәжік қызметінің журналистеріне аккредитация беру мәселесін көтерді.

Флай қандай да бір қорқыту, үркітулерге қарамастан халықаралық радио журналистиканың ең жоғарғы талаптарына сай жұмыс істейтінін атап өткен.

Тәжікстан президенті сөзінде елінде Азаттықтың тәжік қызметіне жұмыс істеуге тайым салынды деген сөздің жалған екенін айтып, бүгінде 18 тілші тіркеліп, еркін хабар таратып жүр деген.

Азаттық радиосының президенті кейбір тілшілерге жұмыс істеуге рұқсат беріп, енді кейбіріне аккредитация бермеу деген принциптің дұрыс емес екенін атап өтті.

Джейми Флай сөзінде, “Тәжікстан президенті кездесу кезінде Азаттық радиосының Тәжікстанда жұмыс істеуі аса маңызды деп айтқанын атап өтіп, елдің сыртқы істер министрлігін президенттің айтқан сөздерін орындап, тілшілерге тез арада аккредитация беруге шақырды.

Қазір Тәжікстанда Азаттықтың он бір журналисіне жұмыс істеуге тыйым салынып отыр. Оларға СІМ тарапынан аккредитация берілмеген.

XS
SM
MD
LG