Ссылки доступа

Ресейде журналист кәсіпкер Усманов туралы жалған ақпарат тартты деп айыпталып жатыр


Ресейде полиция "Росбалт" агенттігінің журналисі Александр Шваревке бопсалау және жала жапты деген бап бойынша айып таққан. Бұл туралы жергілікті басылымдар оның адвокатына сілтеме жасап хабарлайды.

Адвокатының айтуынша, журналист кәсіпкер Алишер Усманов туралы біліп тұрып, жалған мәлімет таратты деп айыпталып жатыр. Тергеу мәліметіне қарағанда, мұнан бөлек ол қазақстандық іскерден 50 мың доллар бопсалаған.

Шваревтің өзі қазір Латвияда емделіп жатқанға ұқсайды. Алдағы дүйсенбі күні сот оны қамауға алу мәселесі бойынша істі қарауы тиіс.

Адвокаттар журналистке айыптаулар ойдан шығарылғанын айтып, бұл арнайы тапсырма дейді.

XS
SM
MD
LG