Ссылки доступа

Нью-Йорк соты Трампқа екі миллион доллар айыппұл салды


Мероприятие Trump Foundationпо сбору средств для ветеранов в Айове (архивное фото)
Мероприятие Trump Foundationпо сбору средств для ветеранов в Айове (архивное фото)

Нью-Йорк соты АҚШ президенті Дональд Трампты бірнеше коммерциялық емес ұйымға 2 млн доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Прокуратура Трампты Trump Foundation қайырымдылық қорын жеке саяси және бизнес мүддесі үшін пайдаланды деп айыптады. Бұл ақпаратты "Америка дауысы" сайты хабарлады.

Нью-Йорктің бас прокуратурасы 2018 жылы жазда сотқа шағым түсірген. Онда Трамп пен оның үш баласының сайлау кампаниясын қаржыландыру туралы заңнаманы бұзғаны айтылған. Қордың көмегімен жиналған үш миллион долларға жуық қаражат Трамптың 2016 жылғы сайлауалды кампаниясы кезінде қолданылған. Прокуратура дерегінше, Трамп қаржының бір бөлігін қажетіне жаратқан.

Трамп қор ақшасын пайдалану туралы шешімді өзі қабылдағанын мойындады. Нью-Йорктің бас прокуратурасы мен президент айыппұл көлемін судья шешеді деп келіскен.

Өткен айда Трамптың заңгерлері және Нью-Йорктің бас прокуратурасы қорды таратып, оның қаржысын коммерциялық емес ұйымдарға үлестіруге келіскен.

Трамп төлейтін айыппұл мен Trump Foundation қорының қалған ақшасы сегіз коммерциялық емес ұйымға теңдей бөлінеді. Қаржы үлестірілетін қорлардың арасында тегін тамақ тарататын және афроамерикалық азаматтарды оқыту, Холокос құрбандарын еске алу музейі бар.

XS
SM
MD
LG