Ссылки доступа

Түркіменстанда "қызтекелік" үшін түрмеде отырып шыққандарды "әңгімелесуге" шақырып жатыр


Түркіменстанның құқық қорғау органдары "қызтекелік" (Түркіменстан қылмыстық кодексінің 135-бабы) үшін түрмеде отырып шыққандар мен гейлерді "әңгімелесуге" шақырып жатыр.

"Гомосексуал екені мәлім болған тұрғындарды әңгімелесуге шақырып жатыр. Гомосексуал болғаны үшін әскер қатарына алынбағандарды да шақыртқан. Бұған қоса, "қызтекелік" үшін түрмеде отырып шыққандарды әңгімелесуге шақырды" деп хабарлады Азатлык радиосының тілшісі. Биліктің мұндай қадамға баруына гей-дәрігерге қатысты жанжал түрткі болды.

5 қарашада Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов ішкі істер министрі Яйлым Бердиевке қатаң сөгіс жариялады. Үкіметтегі дереккөздің мәліметі бойынша, президент гей-дәрігер төңірегіндегі жанжалдың шетел ақпарат құралдарында жарияланғанына наразы болған. Каминг-аут жасаған жігіттің президент секілді дәрігер болып істейтіні Бердімұхамедовтің ашуын туғызған.

Түркіменстандағы кардиолог дәрігер Қасымберды Гараев биыл қазан айында гомосексуал екенін ашық жариялаған. Одан соң ол жоғалып кетті. Оның туыстары Ашғабадтан көшіп кеткен. Дәрігер Гараев бұхаралық ақпарат құралдарына үндеу жариялаған еді.

Түркіменстанда "қызтекелеерге екі жылға дейін түрме жазасы ".

6 қарашада Гараевтың әкесі ұлының аман екенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG