Ссылки доступа

Қырғызстанда әскери бөлімде офицер өзіне қол жұмсаған


Шу облысының Кой-Таш ауылындағы № 73809 әскери бөлімінде қызметін атқарып жүрген офицер асылып қалған. Бұл мәліметті Азаттыққа Қарулы күштер Бас штабының баспасөз хатшысы Гүлзат Жарашева растады.

Оның мәліметіне қарағанда, оқиға 10 қарашада Кой-Таштағы әскери қызметкерлер тұратын қалашықта болған.

"Офицер, майор болатын. Қызмет үйінен денесін таптық. Қазір бұл істі әскери прокуратура тексеріп жатыр. Онан тысқары біз де тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", - деді Жарашева.

4-5-қараша күндері Жазаны атқару мемлекеттік қызметінің №3 түзету мекемесінде қызмет істеген екі жауынгер қаза болған. Ресми мәліметке сүйенсек, олардың жүрегі тоқтап қалған.

XS
SM
MD
LG