Көптеген тұтынушылардың айтуынша, өзбек тауарының сапасы да, бағасы да қолжетімді.
Душенбенің "Корвон" базарында сауда жасайтын Наргис Хафизова соңғы жылы Қытай мен Қырғызстаннан тауар әкелуді тоқтатып, бизнес-бағытын Өзбекстанға қарай бұрған. "Салыстырмалы түрде әлдеқайда тиімді. Осыған дейін Қырғызстанға, Қытайға жолға 7-10 күн кететін. Қазір Өзбекстанға 2-3 күн кетеді. Бағасы да арзан", - дейді кәсіпкер әйел.
Тәжік базарында негізінен Қытай, Түркия және Қырғызстаннан әкелінетін тауарлар көп. Бірақ соңғы жылдары Made in Uzbekistan тауарлар көш бастап келеді.
Өзбекстаннан аяқ-киімдер де әкелінеді. Сатып алушылар аяқ-киімдер қытайдыкінен қарағанда арзан әрі сапалы дейді.
Қазір тәжік базарынан тек ғана киім-кешек, азық-түлік ғана емес, Өзбекстанда жасалған тұрмыстық техникаларды да көруге болады.
Ал Тәжікстан әзірге Өзбекстанға негізінен цемент экспорттайды.