Ссылки доступа

Тәжікстан тұрғындары жастарды әскерге ұрлап әкетіп жатқанына шағымданды (видео)


Тәжікстанда әскерге жарамды жастарды ұрлап әкету оқиғасына қатысты шағым көбейді. Елдегі адам құқығын қорғаушылар осылай дейді.

Рудаки ауданының тұрғыны Носимжон Косимовты 9 қарашада кәмелет жасқа толған күні әскерге алып кеткен. Оның бауырының айтуынша, "сегіз адам пәтер есігін бұзып кіріп, шкафтағы киімдерді шашты, жиһаздарды төңкерді". Насимжон терезеден түсіп, көршінің жертөлесіне тығылған. Оның анасы Гүлбахор бұл уақытта жұмыста болған.

"Махалла төрағасы келіп, оларға үйдің жертөлесін тексеруді тапсырды. Бауырымды тауып алып, шашынан тартып шығарды. Олардың бірі милиция қызметкері еді" дейді Наимжонның бауыры.

Жители Таджикистана жалуются на похищения призывников
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:09 0:00

Носимжонды жартылай жалаңаш көшеге алып шығып, машинаға итеріп мінгізгенін көршілер де көрген. "Оның қолын бұрап шығарды. Ол: "Жіберіңдер, өзім барам" деп айқайлады. Әрі қарай не болғанын көре алмадым", - дейді Косымовтардың көршісі Мехрангез.

Бірнеше күннен соң Насимжонның туыстарына ол әскерде қызмет етіп жатқанын хабарлаған.

Заңгерлердің айтуынша, Насимжон Косымовты "ұрлап әкеткендер" Қылмыс кодексінің бірнеше бабын бұзды. "Оны әскерге шақырған ба? Ол әскерде қызмет ету жасына толған ба? Мен оның төлқұжатын көрдім. Ол 2001 жылы 9 қарашада туған. Әскер жасына жарамды жас келесі күннен басталуы тиіс, яғни тоғызында ол әлі кәмелет жасқа толмаған" деп түсіндірді адам құқығын қорғаушы Дильшод Жураев.

Жергілікті билік ешқандай заң бұзылмады деуден танар емес.

Адам құқығын қорғаушылар биыл "кісі ұрлау" көбейгенін айтып отыр. "Былтыр 40-50 пайыз болды. Биыл арыздардың 80 пайызы әскерге заңсыз әкетуге қатысты" деді "Азаматтар еркіндігі кеңсесінің" қызметкері Дилрабо Самадова.

Қорғаныс министрлігі жастарды әскерге ұрлап әкетіп жатыр дегенді жоққа шығарды. "Арыз-шағымдарды әрбір аудандағы әскерге қабылдау комиссиясының төрағасы қарайды" деп жауап берді қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Ориф Нозимов.

XS
SM
MD
LG