Ссылки доступа

Түркімен әйелдері автокуәлігін создыра алмай жүр


Ашхабад
Ашхабад

Түркіменстан астанасының тұрғындары мерзімі өткен автокөлік куәлігін жаңарту жұмысында көптеген қиыншылыққа тап болды.

"Ашғабад билігі әйелдердің мерзімі өткен автокөлік куәліктерін создырмай жатыр. Тиісті мекемелер олардың құжаттарын қабылдамай қойды" деп хабарлады Азатлык тілшісі.

Оның айтуынша, әйелдер жыл басынан бері көлік құжатын ала алмай жүр. Куәлік мерзімін создыру үшін көптеген құжат жинау керек. Тіркеу мекемесіндегілер құжаттардың қабылданбай жатқанын "жоғарыдан түскен бұйрықпен" байланыстырды.

Бұл мәселеге қатысты Ашғабад полициясынан пікір алу мүмкін болмады. Олар тілшілермен бұл тақырыпта сөйлескісі келмейді.

Түркімен әйелдері алғаш рет мұндай қиыншылықпен өткен жылы кезіккен.

XS
SM
MD
LG