Ссылки доступа

АҚШ-тың Өкілдер палатасында импичмент бойынша тыңдау аяқталды


Фиона Хилл

Бейсенбі күні АҚШ Конргессі Өкілдер палатасында президент Дональд Трампқа импичмент жариялау бойынша кезекті тыңдау өтті.

Бейсенбі күні барлау комитеті алдында Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей және Украина қарым қатынасына жауап беретін бұрынғы қызметкері Фиона Хилл сөз сөйледі. Сонымен бірге Киевтегі АҚШ елшілігінің қызметкері Дэвид Холмс та келді.

Бұл тыңдауды тікелей эфирде "Настоящее Время" телеканалы орыс тілінде көрсетті.

Холмс сөзінде 2019 жылдың наурыз айынан бастап АҚШ пен Украина қарым-қатынасында президент Трамптың заңгері Руди Джулиани ықпал ете бастаған. Сол кезде Украинаның бұрынғы бас прокуроры Юрий Луценко Киевтегі АҚШ елшісі Мари Йовановичті айыптап мәлімдеме жасаған. Кейін оның қызметінен кетуіне Джулиани себепкер болған. Холмс сонымен бірге 26 шілдеде Еуропалық одақтағы АҚШ елшісі Гордон Сондландтың президент Трампқа телефон соққанының куәсі болғанын айтады. Онда бұрынғы вице-президент Джо Байденнің ұлына Украинада тергеу жүргізу мүмкіндігі айтылуы мүмкін дейді. Сондланд оған Трампқа Украина тек Байденге байланысты ғана қызық деп айтқан.

Трамп болса Холмстың бұл сөздеріне күмән келтіреді.

Фиона Хилл сөзінде Украинаның 2016 жылғы АҚШ сайлауына араласуы Ресей насихатының жемісі болды деп санайтынын айтқан.

Сондланд болса сәрсенбі күні куәлік берді. Сондланд Трамптың Байденге кедергі келтіру үшін Украинаға оған қарсы тексеру жүргізуіне күш салып жатқанына сенімді. Бірақ ол бұл тақырып жөнінде Трампен ашық сөйлескені жөнінде нақты жауап бере алмады. Ал президенттің өзі Сондландқа "Маған Украинадан ешнәрсе керек емес" деп айттым дейді.

Енді барлау комитеті куәлік бергендердің сөздерін қорытындылап, оны заң шығару комитетіне ұсынуы тиіс. Ал бұл комитет президентке қарсы айып тағу керек пе, жоқ па, шешетін болады.

XS
SM
MD
LG