Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шенеунік Муглон махалласынан тігін цехын жалға алып, “EPSON” түрлі-түсті принтерімен жалған ақша басып шығарған. Ол 50 мың сумдық 172 купюра жасаған.
Жалған ақшалар құқық қорғау органдары жүргізген операция барысында анықталды.
Жастар одағы бөлімінің басшысы ұсталды. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалды. Жалған ақшалар тәркіленді.