Ссылки доступа

Өзбекстанда түрмелер мен абақтыларға жауапты шенеуніктер қызметтен алынды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің жарлығымен ішкі істер органдарындағы шамамен онға жуық шенеунік қызметтен алынды.

Органдардағы дереккөздердің хабарлауынша, шенеуніктердің жұмыстан шығарылғаны ресми түрде әлі жарияланған жоқ.

Президенттің мұндай шешім қабылдауына түрмелер мен тергеу абақтыларындағы азаптаулар туралы мәліметтер түрткі болған.

ІІМ өкілінің айтуынша, премьер-министр Абдулла Арипов 19 қарашада видеоконференция өткізді, оған құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

"Арипов ішкі істір министрінің қоғамдық тәртіпті күзету жөніндегі орынбасары, полковник Мұхиддин Жураевтың қызметтен алынғаны туралы жарлықты оқып берді. Оған түрмелерде кісі өлімінің жиілеуі себеп болды. Булунгур аудандық милиция бөліміне тергеуге әкелінген ер азамат азаптау құрбаны болған" деді дереккөз.

Жоғары лауазымды шенеуніктің айтуынша, жиналыста тағы бірнеше шенеунік қызметтен алынды. "ІІМ тергеу абақтысының тоғыз қызметкері күн сайын 2000 мың долларға жазасын өтеушіні милиция формасына киіндіріп, үйіне алып барып жүрген. Олардың арасында президенттің қуғындауына ұшыраған жоғары лауазымды шенеуніктер де бар". Дереккөз мәліметі бойынша, қызметтен алынған шенеуніктер тергеліп жатыр.

XS
SM
MD
LG