Ссылки доступа

Иран билігі: Наразылық кезінде 180 адам ұсталды


Ирандағы наразылық кезінде полиция адамдарды ұстап жатыр.
Ирандағы наразылық кезінде полиция адамдарды ұстап жатыр.

Иран полициясы елде болған билікке қарсы наразылық кезінде 180-ден астам адам ұстаған. Бұл туралы мемлекеттік IRNA агенттігі хабарлады.

Мәлімдемеде "ұсталғандарды наразылықтың лидерлері" деп сипаттаған. Ұсталғандарды полицияға шабуыл жасады, ғимараттарды өртеді және жұртты интернетте наразылыққа шақырды.

Қарашаның ортасында Иран билігі елде бензин бағасын көтерген соң жаппай наразылық басталған. Кейін халық билікке басқа да талаптар қойды. Тегеран елде интернетті бұғаттап, ұялы байланысқа шектеді.

Иран билігі наразылыққа шыққандардың көбі Батыс елдерінен ақша алған деп санайды. Amnesty International ұйымы наразылық кезінде 106 адам қаза тапты деп есептейді. Ресми Тегеран тек оннан астам адам мерт болды деп отыр. Ал Азаттықтың Иран қызметінің дерегінше, наразылықта мыңдаған адам ұсталған.

XS
SM
MD
LG