Ссылки доступа

БҰҰ Душанбені азаптаудың құрбаны болған екі жәбірленушіге өтемақы төлеуге шақырды


БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті Тәжікстан үкіметінен зорлық-зомбылықтың құрбаны болған азаматқа және оның әйеліне моральдық өтемақы төлеуді талап етті.

Ильхом Исмоновтың ісі 9 жыл бұрын Худжандта болған оқиғаны еске түсіреді. 2010 жылдың қыркүйек айында теракті болып, 4 азамат қайтыс болып, 26 адам жараланған.

Осы оқиғадан кейін Илхом Исмонов 2010 жылдың қараша айында терактіні ұйымдастырды деген айыппен ұсталып, 8 жылға сотталған. Ол БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне хат жазып, терактіге ешқандай қатысы жоқ екенін, оны түрмеде ұрып-соққанын, қазір жүре алмай қалғанын баяндаған. Оны ұстаған кезде, жеті күн бойы ұрып-соғып, жанына адвокат та жібермеген.

Тәжікстан үкіметі болса бұл іске қатысы бар екі милиция офицерінің жауапқа тартылғанын мәлімдеді. Бірақ олардың кімдер екені айтылмайды.

XS
SM
MD
LG