Ссылки доступа

Transparency International Қырғызстан кеденіндегі коррупцияға байланысты журналистік зерттеуге мән берді


Әлемдегі коррупцияның деңгейін анықтайтын "Transparency International" халықаралық ұйымы "Кедендегі миллиондар: кедей елден жүздеген миллион қалай шығарылды" деген журналистік зерттеуге мән берді.

Бұл туралы ұйымның "Твиттердегі" парақшасында жарияланды.

Азаттық радиосы "Ұйымдасқан қылмысқа және коррупцияға қарсы күрес" (OCCRP) ұйымы және "Kloop" ақпарат агенттігімен бірлесіп, зерттеу жариялаған. Онда миллиондаған доллардың Қырғызстаннан қалайша заңсыз шыққаны айтылған.

Зерттеу барысында мемлекеттік кеден қызметінің төраға орынбасары болған Райымбек Матраимовтың қылмыстық іске қатысы бары айтылады. Ол - Жогорку Кеңеш депутаты Искендер Матраимовтың туған бауыры. Депутат бұл іске қатысты пікір білдіруден жалтарып келеді.

"Transparency International" ұйымы 2018 жылы әлемдегі коррупцияның деңгейін анықтаған баяндамасында Қырғызстан бұл тізімде 132-орында екенін жариялаған.

XS
SM
MD
LG