Ссылки доступа

Гонконгтағы сайлауда Қытайдың қарсыластары жеңіске жетті


Гонконгта жергілікті кеңеске сайлау қорытындысына сәйкес, оппозициялық демократиялық күштер көп дауыс алып жатыр.

24 қарашада Гонконгта 18 қалалық округ кеңесіне сайлау өтіп, 452 орын үшін 1090 үміткер қатысты.

Жергілікті билік таратқан ақпаратқа қарағандай, сайлауға 2,94 миллион адам қатысқан. Бұл - дауыс беру құқығына ие азаматтардың 71,2 пайызы.

Алдын ала жарияланған мәліметке сәйкес, оппозициялық демократиялық күштер 18 округтың 17-де жеңіске жетіп, 452 орынның 396-на ие болған. Осыған дейін округтар кеңесіндегі орындардың 75 процентін иеленіп келген үкімет блогы бар болғаны 42 мандат алған.

Жергілікті сайлаулар Гонконгтағы саяси күштерге ықпал жүргізе алмайды. Бірақ бұл оппозиция үшін үлкен сынақ болуы мүмкін. Әдетте округ кеңесі мүшелері ауданды жақсарту мәселесімен ғана шектеледі. Сонымен бірге Гонконг әкімін сайлауға да қатысады. 117 округ депутаты негізінен Қытай билігі тарапынан дайындалған 1200 адамнан тұратын сайлаушылар комитетінен орын алады.

Гонконгта бірнеше айға созылып келе жатқан наразылыққа қылмыс жасағандарды Қытайға беру жөніндегі заң жобасы негіз болған. Кейін қала басшысы заң жобасын парламенттен біржола қайтарып алды.

XS
SM
MD
LG