Ссылки доступа

Тәжікстанда ай сайын бір мың отбасы ажырасады


Ресми мәліметке сәйкес, Тәжікстанда күн сайын 34 отбасы ажырасады. Бұл былтырғымен салыстырғанда 11 процентке көп. Биыл 9 айда 9 мыңнан астам отбасының шаңырағы ортасына түскен.

Тәжікстан Әйелдер комитетінің заңгері Мадина Тошева мәлім еткендей, ажырасуға еңбек миграциясы да себеп болып отыр. Оның айтуынша, Ресейге кеткен тәжікстандық ер азаматтардың көбі Ресей азаматтығын алу үшін орыс әйелдерге үйленіп жатады.

"Қиындық мүлікті бөлісер кезде болады. Егер ресми некеде жоқ болса, әйелдер ештеңе талап ете алмайды. Көбінде әйел мен бала зардап шегеді", - дейді Мадина Тошева.

Ажырасу саны көбейіп кеткендіктен, тәжік билігі 2015 жылды Отбасы жылы деп жариялаған. Бірақ бұл нәтиже бермеді.

XS
SM
MD
LG