Ссылки доступа

Кабулда БҰҰ көлігіне шабуыл жасалып, бір адам көз жұмды


Ауғанстан орталығы Кабулда 24 қарашада БҰҰ көлігіне шабуыл жасалып, бір шетелдік азамат қаза тапты.

Ауғанстан ІІМ баспасөз хатшысы Насрат Рахими тағы бес адам жарақат алғанын, олардың екеуі ауған қызметкері екенін білдірді.

Рахимидің айтуынша, жарылыс болған кезде көлік полиция округы аймағында кетіп бара жатқан.

Әзірге бұл шабуылды ешкім мойнына алмады.

Осы тұста Дайкунди аймағында тәлібтер тексеру бекетіне шабуыл жасап, кемінде 8 жауынгер оққа ұшқан. Бұл туралы губернатор Анвар Рахмати мәлімдеді. 24 қарашада ол жерге әскер барып, 20 содырдың көзін жойған.

XS
SM
MD
LG