Ссылки доступа

Тәжікстанда азаптау бойынша айыпталған милиция қызметкерлеріне 23 жыл жаза сұралды


Тәжікстанда азаптау бойынша айыпталып жатқан Душанбе қалалық ішкі істер басқармасының (ІІБ) бұрынғы қызметкерлері үшін 15 жылдан 23 жылға дейін еркінен ажырату жазасы сұралды. Бұл туралы Азаттықтың тәжік қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, мемлекеттік айыптаушы ІІБ қылмыстық іздеу бөлімінің басшысының орынбасары Фарход Нурхоновты 23 жылға, оның қол астында істеген қызметкерлері Аваз Сабзаевді, Умед Ваххобовты және Икромиддин Ахлиддинді 15 жылға соттауды сұраған. Оларға "Азаптау" және "Қызмет бабын асыра пайдаланды" деген баптар бойынша айып тағылған.

Фарход Нурхоновтың адвокаты Абдукарим Абдулхамидов айыптаулардың негізсіз екенін айтып, келесі отырыста олардың кінәсіз екенін дәлелдеп беретінін айтады.

Тергеу мәліметіне қарағанда, биыл жыл басында олар Душанбе тұрғыны Хамза Солеховты есірткі сату айыбымен ұстап, азаптаған.

"Меня заставили лечь животом на пол, обмотали руки и ноги скотчем и пытали током"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:59 0:00
XS
SM
MD
LG