Ссылки доступа

Бішкекте 28 қарашада ҰҚКШҰ саммиті өтеді


28 қарашада Бішкекте Қырғызстанның төрағалық етуімен Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарт ұйымының (ҰҚКШҰ) кезекті отырысы өтеді. Онда халықаралық және аймақтық қауіпсіздік бойынша мәселе қаралады. Күн тәртібінде 21 маселе талқыланбақ.

Отырыс барысында бірқатар құжаттарға қол қойылып, ұйымның 2020 жылға бюджеті бекітілмек.

Қырғызстан президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің басшысы Данияр Сыдыковтың мәліметіне қарағанда, ҰҚКШҰ жиынына Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей басшысы Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Армения премьер-министрі Никол Пашинян және ҰҚКШҰ атқару комитетінің хатшысы Сергей Лебедев қатысады.

XS
SM
MD
LG