Ссылки доступа

Bloomberg: Түркіменстандағы мұнайгаз кені ауаны миллион көлік шығаратын түтіннен де көп ластайды


Спутник арқылы жанартауларға бақылау жүргізу нәтижесінде Түркіменстандағы мұнайгаз кені миллиондаған көліктен шығатын түтіннен де көбірек ауаны былғайтыны анықталған. Бұл туралы Bloomberg агенттігі GHGSat Inc спутник компаниясына сілтеме жасап мәлімдеді.

Басылым мәліметіне қарағанда, компания баяндамасында өндіріс метаны шамамен Түркіменстан батысындағы "Корпеже" мұнай кенінен шығып жатқаны белгіленген.

2010 жылы "Корпеже-Гуртгуйы" кенінде 40 миллион долларға бағаланған газ өндірісі кешені пайдалануға берілгені хабарланған.

GHGSat компаниясының президенті Стефан Жерменнің айтуынша, өндірістік метанның шығуы 2018 жылдың басынан 2019 жылдың ақпан айына дейін жүргізілген бақылау кезінде анықталған. Компания бірден АҚШ, Канада және Еуропа елдерінің дипломатиялық өкілдіктеріне хабарлаған. Биыл мамыр айында ғана метан шығу тоқтаған.

Бұл мәліметтер бойынша Түркіменстан мемлекеттік газ компаниясынан және энергетика министрлігінен пікір алуға мүмкін болмады. Жақында үкімет отырысында ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мұнайгаз саласын сынға алып, қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөлуге тапсырма берген.

XS
SM
MD
LG