"Салық қызметкерлері барлық салықты аванспен төлеуді сұрап жатыр. Мұны олар мемлекеттік бюджетте "тесік" пайда болғанымен түсіндіреді", - дейді атын атағысы келмеген компания өкілдері.
Олар түскен табысты бизнесті дамытуға жұмсау пайдалы екенін, салықты алдын ала төлеу кәсіпке кедергі келтіретінін айтады.
Әндіжандық кәсіпкерлердің бірі салық салушылар банк есеп-шотындағы ақшаны оның рұқсатынсыз шығарып алғанын растайды.
Өзбекстан салық комитетінің өкілі болса кәсіпкерлер өз қалауымен салықты алдын ала төлеп жатыр дейді.
Бірақ инспекторлардың бірі салық бойынша кәсіпкерлерге қысым көрсетіліп жатқанын растады:
"Бізге жоспарды орындауға бұйрық берген. Жыл аяқталып барады, жоспарды толтырмасақ, басымыз кетеді. Былтыр президент мемлекеттік бюджетке салық уақытында түспегендіктен шенеуніктерді қалай жазалағанын білесіз бе?"- деді ол.
Биыл 4 сәуірде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкент қаласы мен Шайхантахур ауданы салық инспекция басшыларын қатаң сынға алған. Оның ертесіне 133 қызметкер жұмыстан алынып, ауыл жетекшілеріне қылмыстық іс қозғалған.