Бұл әлемдік нарықта, оның ішінде Ливерпуль биржасында бағаның түсіп кеткенімен түсіндіріледі. Фермерлер болса мұндай баға шығынды жаппайды дейді.
Тәжікстан ауыл шаруашылығы министрі Изаттулло Саттори делдалдар және зауыт иелері мақта бағасын әдейі төмендетіп жатыр деген пікірде. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігінің есебі бойынша мақтаның бір келісі 6 сомони 70 дирам тұрады, зауыттар оны диқандардан 3,5-5 сомониден сатып алып жатады.
"Елде 136 мақта тазалау зауыты бар. Олар ешқандай мемлекеттік органдарға бас имейді. Олар өзіне өзі министр, мақтаның бағасын өздері қояды", – деді министр.
Соғды облысындағы "Егемендіктің 25 жылдығы" зауытының өкілі әлемдік нарықта мақтаның бағасы енді ғана өсе бастағанын, қазір диқандардан сортына байланысты 5 сомониге дейін сатып алып жатқанын айтады.
Ресми мәлімет бойынша биыл Тәжікстанда 397 мың тонна мақта жиналған.