Ссылки доступа

#Reакция: Бейбіт акция қатысушылары қырғыз президентіне талаптарын қойды


25 қарашада Бішкектегі Ала-Тоо алаңында өткен "#REакция" атты азаматтық акцияның қатысушылары президентке және парламентке талаптарын қойып, үндеу жасады.

Үндеуде бес талап айтылған:

Азаттық радиосы, "Ұйымдасқан қылмысты және коррупцияны зерттеу жобасы" (OCCRP) және оның Қырғызстандағы әріптесі "Kloop" ақпарат агенттігі бірлесіп жүргізген зерттеу бойынша тексеру жүргізу;

Барлық құқық қорғау органдарының жетекшілерін қызметтен кетіру;

Коррупция туралы мәселе көтерген журналистердің және активистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Реформа жүргізу және парақорлықпен күресу;

Журналистік зерттеуге қатысқаннан кейін Түркияда аяқ астынан өлтірілген ұйғыр ұлтынан шыққан қытай кәсіпкердің өлімін зерттеуге байланысты депутаттық комиссияға қоғам өкілдерін қосу.

25 қарашада Бішкектегі Ала-Тоо алаңында "#REакция" азаматтық акциясы өтті. Оның қатысушылары "Райым камалсын!", "Ұрылардың орны түрмеде!", "Реакция. Шынайы реформалар жүргізілсін!" деген ұрандармен биліктен жемқорларды қамауды талап қылды. Акцияға мыңнан астам адам жиналған.

XS
SM
MD
LG