Ссылки доступа

Өзбекстанда жеке еңбекмен қамту агенттігі 200 азаматты 66 мың долларға алдаған


Навои жекеменшік агенттігі 211 адамды жалпы 633 миллион сумға (66 мың доллар) алдаған деп хабарлайды Өзбекстанның еңбек министрлігі.

Ақпаратқа сәйкес, өзбекстандықтар Оңтүстік Кореяда жұмыс істеу үшін Navoiy xususiy bandlik agentligi компаниясына қайрылған. Компания өкілдері онда айына 2 мың доллар айлық аласыңдар деп уәде беріп, 211 адамнан 3 миллион сумнан (300 доллар) ақша жинап алған. Бірақ оларды ешқайда жібермеген.

Қазір Өзбекстанның еңбек министрлігі Navoiy xususiy bandlik agentligi компаниясының лицензиясын тоқтатты.

Тексеру барысында лицензиясы бар 65 жекеменшік агенттіктің 30-ының жұмысшыларды шетелге жібермей, алдап келгені анықталған.

Сонымен бірге штаб пәтері Ташкентте орналасқан үш корей агенттігінің жұмысы тоқтатылған.

Korea & Migrations компаниясы азаматтардан 32 400 000 сум жинаған. Бірақ бірде-бір жұмысшыны шетелге жібермеген.

XS
SM
MD
LG