Ссылки доступа

Белгілі тәжік адвокатының жаза мерзімі қысқартылды


Тәжікстан Конституциясының 25 жылдығына орай ел президенті жариялаған рақымшылық бойынша белгілі адвокат Бузургмехр Ёровтың түрме жазасы 6 жылға қысқартылды.

Ақпаратты Тәжікстанның Жазаларды атқару бас басқармасы растады.

Мұнан бөлек басқа бір адвокат Нуриддин Махкамов түрмеден мерзімінен 4 жыл 3 ай ерте шығады. Нуриддин Махкамов Ёровпен бірге экстремизм айыбымен 21 жылға сотталған.

Осыған дейін Бузургмехр Ёров президенттен кешірім сұраудан бас тартқаны айтылған.

Бузургмехр Ёров Тәжікстанда тыйым салынған "Исламның қайта жаңғыруы" партиясының сотталып жатқан мүшелерінің құқықтарын қорғай бастағаннан кейін 2015 жылы қыркүйекте қамалған. 2016 жылы қазанда Душанбе қалалық соты оны 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Ёровқа қарсы "Билік өкілін кемсіту" және "Сотты сыйламау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қыркүйекте Бузургмехр Ёров Еуропа Кеңесінің Вацлав Гавел атындағы сыйлығын алған.

XS
SM
MD
LG