Осыған дейін Азаттықтың түркімен қызметі қыс түскеннен кейін орта мектептерді жылыту қиындағаны туралы мәселе көтерген.
Түркімен билігі газ құбырларын жаңартуды жоспарлап жатқанын мәлімдеген. Үкімет мүшелерінен құралған комиссия мектепті жылыту үшін газ баллондарын қолдану мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Бұған қарамай жергілікті билік оқушылардан сабаққа мектеп формасымен келуді талап етеді.
Түркіменстанда тұрғындарды жаппай газбен қамтамасыз ету жарияланғаннан кейін газ баллондарын қолдануға тыйым салынған. Бірақ өлкеде газ құбырлары әлі орнатылмаған аймақтар бар.