Ссылки доступа

Албанияда жер сілкінісінен кемінде 20 адам қаза тапты


Албаниядағы жер сілкінісінен кемінде 20 адам қаза тауып, жүзден астамы жараланған. Бұл туралы AFP агенттігі елдің қауіпсіздік министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Күші 6,4 баллға жеткен жер сілкінісі ел орталығы Тиранадан 30 шақырым аралықта болған. Тирана және Дуррес қалаларында ғимараттар қираған. Құтқару күштері жұмыс істеп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне қарағанда, 600-ден кем емес адам жараланған, оларға жәрдем көрсетілген. Тоғыз адам ауыр жарақат алған. Бұл туралы Азаттықтың балкан қызметі хабарлайды.

Еуропа сейсмология орталығы күші 5,4 баллдық жер сілкінісі Босния мен Герцеговинада сезілгенін хабарлады. Бұл өлкеде әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

XS
SM
MD
LG