Ссылки доступа

Түтін тұмшалаған Түркістан (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Түтін тұмшалаған Түркістан. Түркістан қаласындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік барлығы дерлік күн суыта көмір жағады. Көмірден шыққан қалың түтін қаланы басады. (фотокөрме)

- Албаниядағы күшті жер сілкінісінен ондаған адам мерт болды. 26 қарашада Албанияда болған зілзала салдарынан, соңғы деректерге сәйкес, 23 адам қаза тауып, жүздеген адам зардап шеккен. (видео Директ)

- "Митингіге Ганди паркін ұсыну – наразыларды оқшаулау амалы" Алматы қалалық мәслихаты орталықтан бес шақырым жердегі Махатма Ганди атындағы паркті митингілер өтетін екінші орын ретінде ұсынды. (видео)

- Белсенділер ЕО өкілдігі алдында "саяси тұтқындарды" босатуды талап етті. (видео Директ)

- Изолятордан қашқан белсенді бостандыққа шықты. (видео Директ)

- "Бізге Ержан Максимнің екінші орыны бірінші орынмен тең". Желіде жас әнші Ержан Максимның Польшада өткен Junior Eurovision байқауында 2-орын алғанын талқылап жатыр. (видео Директ)​

- Референдумға рұқсат ала алмағандар сотқа шағымданбақ​. Орталық сайлау комиссиясы саяси партиялар және сайлау туралы заңға өзгеріс енгізу үшін референдум өткізуді ұсынған бастамашыл топтың ұсынысын қабылдамады. (видео Директ)

- Халқы көшкен ауыл, вольфрам кен орны және Қытай инвестициясы. Қытай компаниясы игеруді қолға алады деп күтілген, әлемдегі ең ірі вольфрам кен орындарының біріне жақын орналасқан Жоғарғы Қайрақты ауылының бүгінгі тұрмысы қалай? (видео Директ)

- "Күйеуім Қытайда қамауда отыр". Ақмола облысы тұрғыны Қарақат Әбдеш Қытайдың саяси қуғын-сүргіні басталған сәтте күйеуі мен қайын атасы қылмыстық жазамен сотталып кеткенін айтады. "Содан бері Қазақстан билігіне талай шағымдансақ та жөнді жауап болмады" дейді. (видео Директ)

- Айман Омарова: "Зорлық-зомбылық жайлы балалар ерте жастан біліп өсуі керек". Қазақстанда адам зорлау - бұдан былай ауыр қылмыс. Парламент мәжілісі қабылдаған заң жобасы бойынша бұдан былай Қазақстанда "зорлау" қылмысы бойынша тараптардың келісімге келуіне тыйым салынады. Адвокат Айман Омарова Азаттыққа бұл заңға өзгеріс енгізудің қажеттігі жайында сұхбат берді. (видео)

- "Жарылып кетпесіне кім кепіл?" Газ баллонмен жылынып отырғандардың шағымы. Бір күнде Қазақстанның екі жерінде газ баллоны жарылып, тоғыз адам жараланды. Аягөз бен Қызылорда қаласының жарылыстан жапа шеккен тұрғындары қазір ауруханада жатыр. (видео)

- Азаттықтың Қырғыз қызметінің зерттеуіне билік пен қоғам реакциясы.Азаттықтың қырғыз қызметі, OCCRP және Kloop басылымы бірігіп жүргізген зерттеу жарияланды. Зерттеуде жүздеген миллион доллар қаражаттың Қырғызстан аумағынан шетелдерге қалай шығарылғаны, Қытайдан келген тауарлардың әуелде кедендік одақ, кейін Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы елдерге қандай жолмен тасылғаны айтылды. (видео)

- Қырғызстаннан миллиондаған доллар қалай шығарылды? Азаттықтың қырғыз қызметі журналистік зерттеуін жариялайды. (видео)

- Душанбеге алғашқы қар түсті. (фотокөрме)

- «Терроризм индексі»: Қазақстан және әлем​. (инфографика)

- "Жусан иісі" - Қазақстан билігінің "Жусан" операциясы аясында Сириядан оралған қазақ жастары жайлы деректі фильм. Авторы - Азаттықтың "Біздің атымыздан емес" жобасын дайындаған журналист Жұлдыз Төлеу. (видео)

- Билікке қарсылық. Әлемді дүрліктірген наразылықтар. Жаһанның бірнеше елінде наразылықтар бірде бәсеңсіп, бірде өршіп тұр. Кейбір елде негізгі талабы орындалса да демонстранттар тарқамаған. Азаттық Гонконг, Ирак, Иран, Грузия, Боливия, Чилидегі халық толқуларын шолып шықты. (видео)

- Сирияда тұтқынды қинап өлтіргендер кімдер? "Новая газета" ресейлік жалдамалылардың 2017 жылы Сирияда тұтқынды қинап өлтіргені туралы видео жариялады. (видео Директ)

- Азия: Қырғызстаннан 700 млн долларды қалай алып шыққан. Азаттықтың зерттеуі: Жүздеген миллион доллар қаражатты алып шығуына Қырғызстанның кеден қызметінің бұрынғы төраға орынбасары Раимбек Матраимовтың қатысы болған. Тәжікстанда ажырасу көбейіп кетті. (видео Настоящее время)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG