Ссылки доступа

Мирзияев отбасы Instagram жұлдызы болған түрік аспазын ханындай күтті


23 қарашада Ташкентке барған атақты түрік аспазы, ресторатор, Instagram жұлдызы Нусрет Гёкчені (Nusret Gökçe) өзбек президентінің отбасы сән-салтанатпен күтіп алды.

Стейкті өзіндік шеберлігімен дайындау арқылы әлеуметтік желінің жұлдызы болған Гекче Instagram парақшасына Ташкентке барған суретін салды. Суретте президент Мирзияев отбасында қонақта болғанын байқауға болады.

24 қарашада Шавкат Мирзияевтің үлкен күйеу баласы туған күнін атап өткен. Үкімет шенеуніктерінің сөздеріне қарағанда, Нусрет Гёкче күйеу баланың туған күніне "ең қымбат сыйлық" жасап, ас дайындаған.

"Оны арнайы ұшақпен алып келді. Ұшқыштар оны бір күн күтті. Келесі күні Ойбек Турсуновтың (Шавкат Мирзияевтің үлкен күйеу баласы) туған күні болды. Менің білетінім, оны күйеу балаға сыйлық ретінде шақырған", - дейді шенеунік.

36 жастағы Гекче алтыншы сыныптан кейін оқуын тастап, Стамбұлда қасапшының көмекшісі болып жұмысқа тұрған. Бүгінде оның Nusr-Et деп аталатын стейкхаус пен бургер желісі Түркияның барлық қалаларында, Дубайда, Абу-Дабиде, Майамиде және Нью-Йоркте бар.

2018 жылы аспаз Венесуэла президенті Николас Мадуро Стамбұлдағы ресторанынан тамақтанғаны үшін сынға қалған.

XS
SM
MD
LG