Айыпталушылардың бірі Рустам Аминовтың ағасы Равшан Акрамовтың айтуынша, олар жақында ғана сот-медициналық сараптама қорытындысын алған.
"Сот-медициналық сараптамашылар қамалғандардың пайдасына шешім шығарған. Оған сәйкес, Чуев ұрып-соққаннан емес, суға батып өлген", - дейді ол.
Оқиға биыл 8 маусымда Мәскеудің Оңтүстік Бутов аймағында болған. Ресейлік БАҚ 34 жастағы Сергей Чуев Мәскеуде кешкісін қалыңдығын бұзақылардан қорғау кезінде қаза тапты деп хабарлады. Бірақ оқиғаның куәсі болғандар бұл болжамның жалған екенін айтады. Олар ұрысты Сергей Чуевтің өзі бастады дейді. Спортшының өзі суға құлап кеткенде, ешкім оған көмекке бармаған.
Чуевтің өліміне күдікті ретінде Тәжікстанның алты азаматы ұсталып, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалды. 10 маусымда Мәскеудің Черемушкин аудандық соты күдіктілерді қамауға алу жөнінде шешім шығарған.
Чуевтің өлімі бойынша алғашқы сот тыңдауы 6 қарашада өткен. Адвокаттардың айтуынша, сот отырысы келесі жылдың ақпан айында аяқталуы тиіс.