Ссылки доступа

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке барды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 27 қарашада Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барды. Оны Манас халықаралық әуежайынан Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің өзі тосып алды.

Мемлекеттік сапар аясында екі ел президенті кездесіп, қарым-қатынастағы өзекті мәселелер туралы сөйлеседі. Сонымен бірге олар Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекетаралық Жоғарғы кеңесінің 5-отырысына қатысып, бірқатар құжаттарға қол қояды.

Қазақстан президенті сапары барысында "Ата-Бейіт" тарихи-мемориалдық кешеніне және Шыңғыс Айтматовтың музей-үйіне барады.

Мұнан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қарашада Бішкекте өтетін ҰҚКШҰ-ның кезекті отырысына қатысады.

XS
SM
MD
LG