Жиналғандар құқықтары және бостандықтары шектеліп, қуғындалып, митинг өткізуге рұқсат ала-алмай жатқандарын мәлімдеді.
Белсенділер ЕО өкілдігінің алдында екі күннен бері пикет өткізіп жатыр. Кеше акция үш сағатқа созылған. Еуроодақ өкілдерінен ешкім олармен кездесуге шықпады.
Наразылық акциясына шыққандар "Саяси тұтқындарға бостандық", "Қытай экспансиясына жол жоқ" деген жазуы бар плакаттар көтеріп шықты. Олар Қытайдан қашып келген қазақтарды кері қайтармауын сұрайды.
Еурокомиссия тарабынан биыл мамыр айында қабылданған "Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы стратегиясына" сәйкес, одақ аймақта демократия, адам құқықтары және заң үстемдігін қамтамасыз етуге басымдық береді.