Ссылки доступа

Түркімен президенті алабайға қойылатын ескерткіш жобасын мақұлдады


Ашғабад қаласының мэрі Шамухаммет Дурдылыев қаланың орталығына орнатылатын алабай ескерткішінің жобасын көрсетті. Бұл туралы "Түркіменстан хроникасы" басылымы мәлімдеді.

Басылым мәліметіне сәйкес, президент Гурбангулы Бердімұхамедов жобаны ұнатқан.

Жобаға сәйкес, ескерткіштің ені 36 метр, биіктігі тоғыз метрді құрайды. Оған алтын таңбамен Turkmen Alabayy деген жазу түседі. Алабайдың өзі алты метр болады.

Ресми басылымдар ескерткіш 2020 жылдың маусым айында дайын болады деп жазып жатыр. Оған қанша қаражат бөлінетіні айтылмады.

Түркімен президенті биыл қыркүйек айында түркімен алабайы жайында кітап жазып біткен.

"Связь времен – туркменский алабай": Бердымухамедов воспел в стихах местных собак
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:12 0:00

XS
SM
MD
LG