Ссылки доступа

Түркіменстанда бюджет қызметкерлерінен мешіт құрылысына ақша жинап жатыр


Ашғабадта салынып жатқан мешіт (мұрағат сурет)
Ашғабадта салынып жатқан мешіт (мұрағат сурет)

Балкан облысы билігі аймақта салынып жатқан нысандарды уақытында аяқтау үшін, бюджет қызметкерлерінің айлығынан 500 манаттан (ресми курс бойынша 142,8 доллар) ұстап қалып жатыр. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметінің аймақтағы тілшісі хабарлайды.

Оның айтуынша, жергілікті билік облыстағы жеке кәсіпкерлерді құрылыс істеріне жәрдем беруге міндеттеген. Аймақта қаражат жетіспеуінен тоқтап тұрған құрылыс нысандарының арасында орталық мешіт құрылысы да бар.

Тілшінің айтуынша, қазір мешіттің жартысы да салынып бітпеген. Бұған билік бір жылдан бері жергілікті бюджеттен қаражат алмаған.

Ақпаратқа қарағанда, Балкан облысының билігі салынып жатқан мешітке президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің жақын туыстарының бірінің есімін беруге ниеттеніп жатқан көрінеді.

XS
SM
MD
LG