Ссылки доступа

Ресейде Тәжікстанның үш азаматы терроризм айыбымен ұсталды


Мәскеудің Таған аудандық соты Тәжікстанның Нозим Азимов және Уктамжон Ражабматов атты азаматтарын 20 қаңтарға дейін қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы ресейлік басылымдар хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, тәжікстандықтар "Интернет арқылы террористік іс-әрекеттерге үгіттеді" бабымен айыпталып жатыр. Олар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 300 мың рубль көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

27 қарашада Ресейдің Иркутск қаласында тағы бір тәжік азаматы ұсталған. Әзірге оның аты-жөні айтылмайды. Ол "Заңсыз қару сақтады", "Бопсалап ақша талап ету", "Адамды азаптау", "Террористік іс-әрекеттер жасау" бабымен айыпталып жатыр.

Тергеу мәліметіне сәйкес, айыпталушылар көп жылдан бері "Ислам мемлекеті" террористік тобының белсенді жақтастары болып, Сирия аймағындағы соғысқа қатысуға адамдарды тартумен айналысқан.

XS
SM
MD
LG