Мекеме мәліметінше, шенеуніктің сөздері "нақты бір адамға қарсы бағытталмағандықтан және ешкімге қорқыныш туғызбағандықтан", онда "қылмыстық белгілер" жоқ деген бітім шығарылғаны жазылған.
16 қарашада интернетке тараған аудиожазбада шенеунік Kun.uz сайтының журналистерін жоқ қылатынын және гейлер қатарына қосатынын айтқан.
18 қарашада аталған сайт Жахонгир Артыкхожаевпен болған талас-тартыс реттелді деп мәлімдеді. Бірақ сол күні басылымның екі журналисі өз еріктерімен қызметінен кеткені мәлім болды.