Ссылки доступа

Иранда ЦРУ-ға жұмыс істейді деген күдікпен сегіз адам ұсталды


Ирандағы наразылық акциясы,16 қараша, 2019 жыл.

Иран арнайы қызметі АҚШ-тың Орталық барлау басқармасына (ЦРУ) қатысы бар деген күдікпен сегіз адамның ұсталғанын хабарлады. Бұл туралы мемлекеттік IRNA агенттігі хабарлады.

Иран билігінің мәліметіне қарағанда, ұсталған адамдар азаматтық журналист болып жүріп, тыңшылық жасаған. Олар елдегі тәртіпсіздік туралы мәліметтерді жинап, шетелге жіберіп отырған.

Әзірге Вашингтон бұл туралы ешқандай мәлімет берген емес.

Иранда жаппай наразылық қараша айының ортасынан бері жалғасып келеді. Наразылық бензиннің қымбаттауынан басталып, үкіметке қарсы акцияларға жалғасты. Полиция көшеге шыққан халыққа қарсы көзден жас ағызатын газ қолданғаны хабарланды.

Құқық қорғаушылардың мәліметі бойынша, акцияға қатысушыларды тарқату кезінде 100-ден астам адам қаза болып, мыңдаған кісі қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG