Ссылки доступа

Душанбеде контрабандамен айыпталған кеден қызметкерлері сотталды


Душанбе қалалық Сомони аудандық соты контробандамен айыпталған кеден қызметінің бұрынғы екі қызметкерін 10 және 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Шомилжон Наботов пен Мухаммаднозим Нозимов биыл мамыр айында тәжік президенті кеден, салық және қаржы органдарының ісін сынап, шенеуніктер коррупция және жемқорлыққа барып жатқанын айтқаннан кейін ұсталған.

Бұрынғы екі кеден қызметкері тәжік-өзбек шекарасындағы кеден бекетінде жұмыс істеген.

Адвокаттың айтуынша, Мухаммаднозим Нозимов 23 мамырда құқық қорғау органдары Душанбеде жүк көлігі ұсталғаннан кейін қамауға алынған.

"Жүк көлігі Өзбекстаннан киім әкеле жатқан. Жүк кеден дәлізінен өткен жоқ", - дейді ол.

Бұл істің аясында алты адам қамалған – үш кеден қызметкері, екі өзбекстандық жүргізуші болған. Кейін Мухаммаднозим Нозимов пен Шомилжон Наботовтан басқалары айыппұл төлеген соң босатылған.

Сотталушылар да 55 мың сомони (5,5 мың доллар) көлемінде материалдық шығынды мемлекетке толық қайтарып берген.

XS
SM
MD
LG