Ссылки доступа

Сырдарияда жүргізушілер метан газының тапшылығына наразы ретінде жолды жапты (видео)


27 қарашада Өзбекстанның Сырдария ауданында 50-ден астам жүргізуші метан газының тапшылығына наразы ретінде Гүлистан-Ташкент жолын жапты.

Куәгерлердің айтуынша, жол таңертеңгі 9-дан 11-ге дейін жабылған. Милиция акцияға қатысушыларды қуып тарқатқан.

Сырдария ауданы әкімдігі аймақты метан газымен қамтамасыз ету техникалық себептерге байланысты тоқтап тұрғанын мәлімдеді.

"Май құю станциясында компрессор сынып қалды, осыдан кейін наразы болған жүргізушілер жолды жапты. Біз түсіндіргеннен кейін олар тарады. Түсінбестік болды", – деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Соңғы кезде Өзбекстанның барлық аймағында метан газына тапшылық байқалады.

XS
SM
MD
LG